АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, финляндиялық Оскари Палданиус – Польша өкілі Алан Вазнымен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Палданиус – Вазны 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық-ресейлік жұп дәл сондай есеппен есе қайырды. Алайда супер тай-брейкте қарсыластарына жол берді – 5:10.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Осылайша, Әмір Омарханов спорттық жолында жасөспірімдер арасында жұптық сында екінше рет жарысты жартылай финалда аяқтады. Өткен жылы ол тағы бір ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге Ролан Гарроста жартылай финалға дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).