Әміржан Әлпейісовтың Мұрат Әуезовке арнаған «Мұрат» роман-эссесі жарық көрді

Фото: Фото: Еуразия ұлттық университеті

Тарихшы Әміржан Әлпейісовтың Мұрат Әуезовтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Мұрат» роман-эссесі жарық көрді, деп хабарлайды Kazinform.

Роман-эсседе Мұрат Әуезовтың өмірбаяны жан-жақты қамтылып, еңбек жолы, саяси көзқарасы, «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны жайлы толық мәлімет берілген.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Мен Мұрат Әуезов сияқты қазақтың тәуелсіздігі үшін сонау кеңес заманының өзінде үгіт-насихат жасап, „Сарыарқа“ деген ұйымның мүшесі болған едім. Сондықтан Мұрат Әуезов біздің көсеміміз, жол бастаушымыз сияқты. Біз „Жас тұлпардың“ қанатының астынан шыққан жас студенттік ұйымдар болдық. Сол жас ұйымдардың мүшесі болып, 70-жылдардан байланыс орнаттық», — дейді роман-эссе авторы Әміржан Әлпейісов.

Фото: Әміржан Әлпейісовтың жеке мұрағатынан

Күні кеше ғана Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тұсаукесері өткен «Мұрат» роман-эссесі — Әміржан Әлпейісовтың көпжылғы еңбегінің жемісі.

Фото: Еуразия ұлттық университеті

Автор — Мұрат Әуезовтың рухтас-үзеңгілес інісі.

Бірге саяси жұмыстарға қатысып, қазақ жастарының санасын серпілтіп, Тәуелсіздіктің арайлы таңының атуына бірігіп қызмет істеген.

Фото: Еуразия ұлттық университеті

«Мұрат» роман-эссесі Мұрат Әуезовтың мемлекет қайраткері ретінде тұлғасын жан-жақты ашып, жастарға отансүйгіш қасиеттің қандай болатынын көрсете білген.

Роман көпшілік оқырманға арналған.

Фото: Еуразия ұлттық университеті
Фото: Еуразия ұлттық университеті