АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының шабандозы Энрико Гаспаротто Голландия тас жолдарында өткен «Амстел Голд Рейс» бір күндігінде жеңіске жетті.
«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, бұл бәйгені 2003 жылы Александр Винокуров ұтқан еді. Биыл Александрдың жеңісін «Астана» сапындағы итальяндық қайталады.
Amstel Gold Race 2012:
1 GASPAROTTO Enrico (ASTANA) 6:32:35
2 VANENDERT Jelle (LOTTO BELISOL)
3 SAGAN Peter (LIQUIGAS-CANNONDALE).
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.