Шешім істі талқылау барысында шығарылды. Онда Стати «Самұрық-Қазына» іс жүзінде Қазақстан Республикасының бір бөлігі, сондықтан Қазақстанға қарсы төрелік шешім бойынша болжамды талаптар үшін жауап береді деп мәлімдеді.
Бұл Нидерланды сотының «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасының пайдасына Стати ісі бойынша алғашқы шешімі емес.
9 қаңтарда Амстердам Округтік соты Нидерландының жария тәртібіне қарсы келетін Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S. A. және Terra Raf Trans Trading LTD. (Стати) процессуалдық алаяқтығы нәтижесінде алынған төрелік шешімді орындау туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарты.
Фото: depositphotos.com