Амстердамда ит есірткі дилерінің көлігінен 1,3 миллион еуро тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамда полицей иті тәртіп сақшыларына көліктің запас дөңгелегіне жасырылған, есірткі дилеріне тиесілі болуы мүмкін 1,3 миллионнан астам еуро табуға көмектесті.

Бұл туралы жұмада, 19 тамызда  Associated Press хабарлады. 

Осы тергеудің аясында полицейлер келесі күні күдіктінің үйінен 13 келі кокаин тәркіледі.

Арнайы операция аясында үш албандық ұсталды: екі әйел, екі ер адам. Олар есірткі таратқаны және ақша жасырғаны үшін күдікті деп танылуда.