Амстердамда «Синалоа» есірткі картелінің көшбасшысы қолға түсті

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Амстердамдағы Схинпол әуежайында мексикалық «Синалоа» есірткі картелі басшыларының бірі Хосе Родриго Аречига-Гамбоа (Jose Rodrigo Arechiga-Gamboa) ұсталды. Бұл туралы Agence France-Presse-ке сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.

Аречига-Гамбоа Амстердамға Мехикодан жалған құжатпен ұшып келген. Қазір ол нидерланд түрмесінде, алайда ол АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін.

Аречига-Гамбоаны ұстауға ордер 2013 жылдың 20 желтоқсанында америкалық Калифорния штатының Сан-Диего қаласының сотымен берілген болатын. Оған метамфетаминдер, кокаин және марихуананы сату және тарату айыптары тағылып отыр.

Associated Press-тің хабарлауынша, Аречига-Гамбоа картельдегі негізгі «инфорсер» болған көрінеді. Оның міндетіне қылмыстық топтың талаптарының орындалуын қадағалау кірген.

Мексиканың Синалоа штатындағы «Синалоа» есірткі картелі әлемдегі ең мықты қылмыстық топтардың бірі болып саналады. Ұйымның негізгі басшысы ретінде Хоакина Гусман аталады. Ол АҚШ-тағы ең көп іздестірілудегі наркобарон болып табылады. Оның жасырынған жері туралы ақпарат берген адамға американ үкіметі 5 млн. доллар сыйақы дайындап отыр.