"АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.
"Барлық шахталардың жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Осы уақыт ішінде шахталардағы газ жүйесінің қауіпсіздігі тексеріледі", - деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Айзада Агильбаева
Работает в МИА "Казинформ" с февраля 2019 года.
Высшее образование: КарГУ им. Е.А. Букетова, кафедра журналистики.
Родилась в поселке Акчатау, Шетского района, Карагандинской области.