Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
«Жеңіс күні мерекелік отшашуды шекарадағы өзеннің екі жағасынан берілетіні туралы уағдаластыққа Благовещенск делегациясының қытайлық Хэйхэ қаласына жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілді», - деп хабарлады Благовещенск әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Благовещенск - РФ субъектісінің тікелей мемлекеттік шекарада орналасқан жалғыз әкімшілік орталығы, оған қарама-қарсы Қытайдың Хэйхэ қаласы орналасқан, бұл екі қаланы Амур бөліп тұр. Ресейлік облыс орталығында 220 мыңға жуық адам тұрады.