Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні сағат 07:10-да «Львов» халықаралық әуежайынан 13,7 шақырым қашықтықта Ан-12 ұшағы радардан жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. 07:29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы мәлім еткен. 07:46-да Ан-12 ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылды», делінген хабарламада.
Ұшақ өртенбеген. Экипажды зақымдалған ұшақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.