Шу қаласынан Астанаға жеткізілгелі Әсемнің омыртқасына, жіліншік пен жамбас сүйегі және сынған аяғына 5 күрделі операция жасалған. Заманауи құрылғымен сүйектері арнайы бұрамамен бекітіліпті. Дәрігерлер гипстің орнына Әсем Шаяхметованың аяғына Илизаров аппаратын кигізген. Бұлшық еттеріне артық күш түспес үшін сырқат онымен жарты жыл бойы жүреді. Алдағы аптадан бастап, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылатын Әсем Шаяхметова алғашқы қадамдарын да жасай бастамақ.
Еске сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын «Балқаш түсті меттің » бас геологы АН-2 құлап қақ бөлінгенде, ұшақтың артқы бөлігінде отыруының арқасында аман қалған.