Ауруханада көз жұмған жолаушының аты-жөні Игорь Ледков. «Округ губернаторының міндетін уақытша атқарушы Алексанадр Цыбульский апат салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты», - деп атап өтті әкімшілік.
Алдын ала деректерге қарағанда, АН-2 ұшағының әуеге көтерілгеннен соң Нарьян- Мара аэродромына шұғыл қонуына тура келген. Ұшақ қонған сәтте қираған.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, 11-і ауруханаға түскен еді.
Ұшақтың бортында 13 адам болған, оның 11-і - жолаушылар, екеуі экипаж мүшелері.