Ан-24 ұшағы қонар кезде апатқа ұшыраудың аз-ақ алдында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Ираэро' авиакомпаниясының Ан-24 ұшағының жексенбіде новосібірлік 'Толмачево' әуежайына оқыс қонуына тура келді, деп хабарлады 'Интерфаксқа' Батыс сібірлік көлік прокурорының аға көмекшісі Оксана Горбунова.

"Краснояр-Новосібір рейсімен шыққан Ан-24 ұшағы қонар кезде ұшу-қону жолағына соқтығысып, фюзеляждың артқы жағын зақымдап алды ", - деп мәлім етті ол.

Оқиға мәскеу уақыты бойынша сағат 09:21-де орын алды. Ұшақ бортында 28 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған, ешкім зардап шеккен жоқ.