«Ән мен әнші» Астанада

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 5-і күні Конгресс-холлда «Ән мен әнші» Астанада» атты ән кеші болады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалым Доскен жетекшiлiк ететiн «Ел» продюсерлiк орталығының бұл жобасы  бас қаланың тойына орайластырылып отыр. Былтыр Астананың 10 жылдығында өткен «Ән мен әншi» концертінде 30-ға жуық әншi  Астана туралы әндерiн  әуелеткен болатын.

«Ән мен әншiнiң» жүргiзушiсi, продюсер Сержан Молдасанұлының айтуынша, биылғы концертте елорда күнiнде 20-дан астам әншi сахнаға шығады. Бұрын танылмаған жас әншілер де осы тойдың құрметіне ән салмақшы.

Ән-шеруге Ескендiр Хасанғалиев, Нұрғали Нүсiпжанов, Саят Медеуов,  Ақбота Керiмбекова, Асқар Жүнiсбеков сияқты әншiлер қатысады. Сондай-ақ, «Нұр-Мұқасан»,  «Жiгiттер» және «Қоңыр» тобы өнер көрсетедi. Биыл    орындалатын әндердiң басым бөлiгi - жаңа әндер. Сонымен бiрге, халықтың жүрегiне жақын тартып, ықыласына бөленген ретро әндер де орындалмақ.

«Ән мен әнші Астанада» концертінде қазақы әзіл мен жарасымды юмор ұмыт қалмайды.