Ән салатын голограмма бейне лондондықтарға метро ережесін үйретуде (ВИДЕО)
14:32, 15 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон метрополитен униформасын киген бойжеткеннің голограммасы стансаларда сәуір айынан бастап орнатылған, алайда ол ән салып, әзіл айтуды жақында ғана үйренді, деп жазады Tech Insider.
Бұл жаңашылдықтың мақсаты - қоғамдық көлікті пайдалануды жеңілдету.
Метро қызметкерінің бейнесі Элтон Джонның «I'm Still Standing» және Бен Кингтің «Stand By Me» әндерін орындайтын динамиктер бар картон бетіне проекцияланады. Голограммадағы бейне жолаушыларды эскалаторға өткенде тек оң жағында ғана тұруға ақырады.