Ана мен бала орталығында шеберлік сыныбы өткізіледі

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - 1-5 қарашада Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Фетоплацентарлық трансфузиялар мен ұштастыру (TTS), қойға жасалатын эксперименттік модельдер» атты шеберлік сыныбы өткізіледі.

Оған Иоганн Гутенберг Университетінің (Германия, Майнц қаласы) Акушерия, гинекология және перинатальдық медицина клиникасы мен емханасының фето-фетальдық трансфузиялық синдромды емдеу жөніндегі алдыңғы қатардағы еуропалық орталығына басшылық ететін профессор Михаил Чириков қатысады, деп хабарлайды Ұлттық медициналық орталықтың баспасөз қызметі.

«Фетоплацентарлық трансфузиялар мен ұштастыру (TTS), қойға жасалатын эксперименттік модельдер» атты шеберлік сыныбын өткізу мақсаты фетальдық хирургия саласында инновациялық технологиялар бойынша халықаралық тәжірибе алмасу болып табылады.

Оның ғылыми бағдарламасы акушерия мен перинатальдық медицинаның шекаралас мәселелерін қамтиды. Йоханнес Гуттенбер университетінің акушерия, гинекология мен перинатальдық медицина клиникасының докторлары М. Чириков және В. Ошовскиймен кордоцентез, үрпі бітелуін жатыр ішілік едеу, интравезикальды бітелуді және бауыршеттік жарықты құрсақ ішінде емдеу, қан құю, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген мамандар үшін көрнекті операциялар жасалуымен кіндік венасына порт-жүйелерді имплантациялау бойынша манипуляциялар жасалатын болады.