Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Неонатальды хирургия бойынша үйлестіру орталығы құрылды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - «Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Неонатальды хирургия бойынша үйлестіру орталығын құрды»,деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Мұндағы мақсат - жаңа туылған сәбилерге медициналық көмек көрсетуді халықаралық стандарттарға сай жетілдіру болып отыр.   Аталған жоба шеңберінде еліміздің өңірлерінде туа біткен даму кемшілігімен дүниеге келген сәбилерге хирургиялық көмек көрсетуге сараптама жасау,  ұйымдастыру және емдеу-диагностикалық шаралар кешенін халықаралық стандаттарға сәйкестендіру, өңірлерге жаңа технологияларды трансферттеу үшін орталықта оқыту бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр.  

 Қазіргі уақытта Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында неонатальды хирургиялық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалып, операция блогтары заманауи эндобейнехирургиялық тіректермен жарақтанған. Орталық қызметкерлері жақын және алыс шет мемлекеттердің клиникаларында оқған. Ресей, Австрия, Германияның алдыңғы қатарлы хирургтарының қатысуымен шеберлік- сыныптары тұрақты өткізіліп тұрады.    Орталықтың хирургтары клиникалық тәжірибеге даму кемшіліктері мен кеуде қуысы органдарының (диафрагмальды жарық, сары су, кеуде қуысындағы ісіктер), құрсақ қуысы органдарының (бауырдағы сары су, өт жолдары жүйесіндегі, құрсақ қуысындағы сары су, холецистит, спленэктомия, нефрэктомия, герниорафия, варикоцел, крипторхизм кезіндегі сары сулар) аурулары кезінде лапороскопиялық операциялар жасау сияқты кішіинвазивті әдістемелерді ендірді.

 Осы әдістерді қолдану аталған патологиялары бар балаларды емдеу нәтижелерін біршама жақсартуға, яғни операциядан кейінгі асқынулар санын азайтуға мүмкіндік берді. Орталықта алғаш рет «гирпшпрунг» ауруына лапароскопиялық және трансанальды түзету жасалды. Осы ендірілген технологиялар туа біткен даму кемшіліктері бар балалардың өмір сапасын дамыту мүмкіншілігін біршама арттырады.