деп хабарлады pm.kz сайты аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ана мен сәби денсаулығын қорғау Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының басым бағыты болып табылады. Елімізде балалар мен аналар жүйелі түрде алдын ала қаралудан өтіп отырады. Оларға қажетті дәрі-дәрмек бөлінеді.
«Ағымдағы жылдың 3 айында ана өлімінің көрсеткіші 21,3 пайызға, сәби өлімінің көрсеткіші 10 пайызға азайған. Және де сәби өлімінің азаюы еліміздің барлық өңірлерінде көрініс тауып отыр», - делінген хабарламада.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету бойынша қолға алатын жүйелі шараларының аясында 0 жастан 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді диспансерлік бақылаудан өткізу ісін күшейткен.