Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.
«Елдің медицина қызметкерлері ана мен бала өлімімен жүйелі күресті жандандырып отыр. 2011 жылы профилактикалық тексеру шеңберінде 1 млн. 20 мың әйел мен 4 млн. 200 мың бала қаралды», - дейді министр. Оның айтуынша, балаларға медициналық көмектің кепілдендірілген тегін көлемінің тізімі кеңейтілді.
«Посткеңестік кеңістікте біз бірінші болып балаларға өкпе қабынуын қоздырушы бактерияларға қарсы вакцина еге бастадық. Бүгінгі күні елдің 4 өңірінде вакцинаның осы түрі 260 мыңға тарта балаларға егілді. 2015 жылға дейін ол бүкіл республиканы қамтиды», - дейді С. Қайырбекова.