«Анаға апарар жол» Нью-Йоркте үздік көркем фильм деп танылды
АҚШ-та БҰҰ және Қытай киноиндустрия өкілдерінің қолдауымен Халықаралық WeLink кинофестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Шараға Қазақстан және АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Судан, Таиланд, Тайвань, Жапония елдерінен әр түрлі жанрларда фильм түсірушілер бас қосты.
Қазылар алқасы «Анаға апарар жол» тарихи драмасына (бас продюсері - Әлия Назарбаева, режиссері - Ақан Сатаев) жоғары бағасын берді. Қазақстандық өнім «Өмір жетістіктері» аталымында ең жоғары марапатты - «Үздік көркем фильм» наградасын жеңіп алды.
Нью-Йоркте «Анаға апарар жол» кинокартинасын тамашалаған АҚШ-тағы қазақстандықтар көз жасын жасыра алмады.
WeLink-тің мақсаты - бүкіл әлемдегі киноөндірісшілердің басын қосып, бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруға жағдай жасау.
Форумға БҰҰ бөлім төрағасы Раму Дамодаран басшылық етті.