Аналитиктер әлемдегі үздік валютаны атады
14:00, 04 Маусым 2009
ЛОНДОН. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – HSBC аналитиктері әлемдік валюталардың сенімділігіне талдау жүргізіп, өз ұйғарымдарын жасады.
Сөйтсе, әдетте ең қорғалған валюта саналатын америка доллары, швейцария франкі және жапон йені бүгінде салымшылардың қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін қанағаттандырмайды екен. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бірінші қатарға норвег кроны шығып отыр. Аналитиктер норвег кронының әлемдегі ең үздік валюта екендігіне сенімді. Крон ақша соңғы құлдыраулардан кейін доллармен және еуромен салыстырғанда орнықтырақ көрінеді, себебі өткен жылдың күзінен бері норвег валютасы біртіндеп өсіп келеді және бұл үрдіс алдағы 1-1,5 жыл бойы жалғаса бермек, деп санайды HSBC сарапшылары.