Аналогтік және сандық эфирлік телевизияның хабар таратуы ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Intelsat-904 байланыс спутнигінің қызметінде олқылықтар туындап, Отау ТВ абоненттері үшін телерадио хабарларын тарату жүйесі бұзылған соң «Қазтелерадио» АҚ жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырып жатыр. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жағдайды оңалту үшін «Қазтелерадио» АҚ мамандары шұғыл түрде жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырды.

Аналогтік және сандық эфирлік хабар тарату ҚазСат-2 спутнигінен жүзеге асырылады. Кабельді телевидение операторлары қабылдау құрылғысын ҚазСат-2 спутнигіне байланыстыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Intelsat-904 байланыс спутнигінің жұмысында туындаған ақаулықты Intelsat Global компаниясы анықтауда.