Анар Жайылғанова мен БҰҰ өкілдері әйелдердің құқығына қатысты мәселелерді талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мен БҰҰ құрылымының өкілдерімен Қазақстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесуде гендерлік теңдік, елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне әйелдердің белсендіқатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері талқыланды.
Анар Жайылғанова елімізде гендерлік-бағдарланған кадрлық саясат жүргізіліпжатқандығы, барлық деңгейде қызмет бойынша алға жылжу үшін тең бастапқымүмкіндіктер жасалғанын, стереотиптерді еңсеру мақсатында гендерлік ағарту жұмыстарыіске асырылатынын атап өтті.


«Елбасы саясатын жүзеге асырудыжалғастыра отырып, Мемлекет басшысы өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық.Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғаудықамтамасыз ету, гендерлік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жұмыспенқамтудың икемді нысандарын енгізу, сондай-ақ олардың барлық деңгейлерде жәнекорпоративтік секторда мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту маңыздылығын атапөтті. Қазіргітаңда әйелдер шешім қабылдаудың жоғары деңгейінде - Парламент депутаттары,Үкімет мүшелері, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясы,өңірлердегі әкімдердің орынбасарлары лауазымдарында және мемлекеттік басқарудыңбарлық сатыларында қызмет атқарады», – деп атап өтті төраға.
Өз кезегінде Қазақстандағы «БҰҰ –Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич ханым Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер»құрылымының ағымдағы жобалары, оларды іске асыру барысы туралы ақпараттыұсынды.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жұмыспен қамтусаясатының басты бағыттарының бірі ретінде гендерлік теңдікті нығайтудыайқындағаны қуанышты.

Илейн Конкиевич олардың жыныстық тиістілігіне қарамастан, азаматтардыңресурстары мен мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің бірлескеншараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Айталық, Илейн Конкиевич ханым адамқұқықтары мен заңның үстемдігі, гендерлік мәселелер, демократиялықинституттарды дамыту, қайшылықтарды реттеу және превентивті дипломатиясаласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар халықаралық даму саласындағытәжірибелі маман болып табылады.

МҚІА Төрағасы кездесуге қатысушыларды гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойыншаАгенттік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Агенттік әйелдерді көшбасшылық қасиеттерге оқыту бойынша шаралар қабылдауда,декреттен жұмысқа шығу, қашықтықтан жұмыс мүмкіндіктері қарастырылуда, жұмысуақытының икемді кестесі енгізілді, әкелер үшін баланы күту бойыншадемалыстарды дәріптеуге жеке назар аударылуда», - деп атап өтті А.Жайылғанова.

Тараптар мақсаттарды, міндеттерді жәнемақсатты индикаторларға қол жеткізуді айқындай отырып, мемлекеттік басқаружүйесінде әйелдер және ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасызету мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық туралы келісті.


Соңғы жаңалықтар