Анастасия Городко Еуропа кубогындағы үшінші медалін жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогында қазақстандық Анастасия Городко үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл жолы спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал алтын жүлде - германиялық Софи Вессенің еншісінде. Үшінші орында - тағы бір германиялық спортшы Ханна Вессе.

Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші жүлдесін иеленіп отыр. Бұған дейін ол екі рет алтын алған болатын.