Анастасия Городко жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Нәтижесінде үздік атанып, ел қоржынына бір алтын медальді салды. Жарыс қорытындысы бойынша германиялық Ханна Весса екінші болса, ресейлік спортшы Светлана Иванова үшінші орыннан көрінді.
Ал тағы бір қазақстандық спортшы Олеся Граур жарысты бесінші орынмен аяқтады.