Команда капитаны Анастасия Оразбаева жеңіске салқынқандылықтың арқасында қол жеткізгендерін атап өтті.
– Ойын біраз қиын болды. Бапкердің тапсырмасын дұрыс орындай алмадық. Бірақ жеңіс бізде қалды. Бәлкім, қарсыласты салқынқандылықтың арқасында жеңген шығармыз. Олардың жіберген қателігі бізге жеңіс әкелді. Бұл – жүлде үшін күрестегі жақсы қадам. Біздің мақсат – медальға қол жеткізу. Басқа жол жоқ. Қарсыластармен бұған дейін Азия чемпионатында кездескенбіз. Барымызды саламыз, – деп қорытындылады хоккейші.
Айта кетейік, Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Тараптар үш кезеңнің қортындысында жеңімпазды анықтай алмады. Алайда, Александра Шегай қосымша уақытта қарсылас қақпасынан саңлау тауып, жеңіс голын соқты.
Осылайша, қазақстандық хоккейшы қыздар В тобындағы барлық ойында жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алды. Енді олар А тобының үздіктері Қытай және Жапониямен кездеседі.