Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы ірі турнирде күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде екінші орын алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Фото: ҚР ҰОК

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды.

Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

Айта кетейік, футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді.