Анасы 17 жасар ұлына пышақ жұмсап, мерт қылды - Ақмола облысы

None
КӨКШЕТАУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтарда түн мезгілінде екеуара ұрыстың соңы жанжалға ұласып, мас ана 17 жасар ұлына пышақ салып алған.

Дереу жеткен жедел жәрдем көмегі мәйітті алып кетуден басқа шара жасай алмады. Оқиға түн мезгілінде облыс орталығында орын алған. Көршілерінде арақ ішіп, көңіл көтеріп отырған азаматша қызықтарын жалғастыруды көздеп, баласының жиған жалақысынан бес жүз теңгені алып кетеді. Оны үйге кеш оралған ұлы аңғарып, көрші үйдегі думаннан анасын алып шығып, жанжалдасады. Ұрыс-керіс үйінде одан әрі ушыға түскен. Екеуара жанжалға араша түспек болған мүгедектер арбасына таңылған үй иесіне орындық тиеді. Баласының қолынан сытылып шыққан әйел пышақты баласына қалай жұмсағанын сезбей де қалған. Дереу жеткен полиция қызметкерлері алдында масаң ана бар кінәні мойындап, қамауға алынды.