Анасы екі егіз баласын бес жыл бойы тоңазытқышта тығып келген

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейде анасы бес жыл бойы нәрестелерін мұздатқышқа тығып келген.

Әйел балаларды жерлемек болғандығын, бірақ оны ойламаған жерден жұмыстан шығарып тастағандығын айтады, деп хабарлайды Утро.ру.

Ресейдің Среднеуральск қаласында дүкендегі мұздатқыштың ішінен табылған екі нәрестенің өліміне қатысты тексеру жүргізілуде. Жаңа туған егіздерге өз анасының жәбір көрсеткендігі анықталып отыр. Әйел жасаған қылмысын мойындады, одан қаладан шықпау туралы қолхат алынды.

Тергеу барысында 30 жасар Ирина тергеушіге 2008 жылы екі ұл туғандығын айтты. Ол балаларды бір тәулік пәтер балконында, кейін үйдегі тоңазытқышта, одан кейін осыған дейін жұмыс жасаған дүкеннің мұздатқышында сақтаған. Әйел жоспарсыз жүкті болып қалғанын, анасының бұл жайтты қалай қабылдайтынын білмегендіктен солай жасағанын айтады.

«Анасының жаңа туған нәрестені өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, қайтыс болған нәрестелердің екеуі де ер бала болғандығы анықталды. Олардың өлімі суықта үсіп кетуден болған.

«УралИнформБюро» хабарлағандай, «Роспотребнадзор» тексерушілері бір жыл бұрын «Центральный» гипермаркетінде тексеріс жүргізген, алайда тексеру барысында ешқандай олқылықтар таппаған көрінеді.