Анасы үйге қамап кеткен бала өртеніп кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Алтай өлкесі Барнауыл қаласында анасы 4 жасар ұлын үйде тыныш отыру үшін жылу батареясына байлап, жалғыз қамап кеткен. Сол кезде пәтерден от шығып, ешқайда қаша алмаған сәбиді күйік шалды, деп хабарлады «НТВ» арнасы.

Тергеушілердің айтуынша, оқиға 8 шілде күні болған. Барнаулда пәтерлердің бірінде от шығып, оқиға орнына жеткен құтқарушылар батареяға байланған баланы құтқарды. өрген. Беті мен денесін күйік шалған балдырған жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Тергеу комитеті баланың анасында психикалық ауытқушылық бар екенін айтқан.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.