«Атырау облысы Қызылқоға ауданының сотында М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды. Бұған дейін де ҚР ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылған құқық бұзушы бір жыл өтпей жатып, алкогольді ішімдікке мас күйінде егде жастағы анасына балағат сөздер айтқан.
Сот жазаны тағайындау барысында оның қорғансыз жанға қатысты құқық бұзушылықты қайталағанын және соттағы тәртіпсіздігін назарға алды. Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 10 тәулікке қамалды», - деп хабарлады Қызылқоға ауданы сотының баспасөз қызметінен.