ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында анасын балағаттаған азамат сот алдына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл әкімшілік іс Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Азамат Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
Ол Қызылорда қаласындағы үйіне келіп, өзінің анасына былапыт сөйлеген. Осылайша отбасы жанжалы туындаған.
«Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды» - деп жазылған Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты хабарламасында.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.