Астана қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған сот материалдарына сүйенсек, сотталушы отбасылық кикілжіңнің нәтижесінде пайда болған жеке қастық көзқарасы негізінде туған анасын өлтіруге бекінген.
Анасын өлтіру мақсатында алдын ала ас үйден пышағын дайындап, сол күні кешке анасымен үйіне оралып келе жатып, кіреберісте оның денесіне пышақпен бірнеше соққы жасаған. Алайда, жәбірленушінің көмекке шақырған даусын естіген көршісі Р. Ерғанов қылмыс орын алған жерге жедел келіп қалып, ананың өмірін сақтап қалған.
Сот үкімімен ҚР ҚК-тің 96-бабының 1-бөлігі, 24-баптың 3 бөлігі бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Ж.М. Серіков кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.