Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде пәтерден әйелдің мәйіті табылды. 66 жастағы баспана иесінің денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері болған. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Сараптама тағайындалды. Қылмысты ұрлық үшін бұған дейін сотты болған ұлы жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Полиция еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып табылады.