Анасына тіл тигізген Лисаковск тұрғыны қамауға алынды
13:18, 01 Сәуір 2016
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Туған анасын балағаттаған 25 жастағы Лисаковск тұрғынын қалалық сот әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тәртіп бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлімі, 461-бабы («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер», «Қорғау нұсқамасын бұзу») бойынша айыпты деп танылды.
Енді ол сот қаулысымен үш күндік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.