Бұл туралы РФ Мәскеулік көліктегі аймақаралық тергеу басқармасынан хабарлады.
"2014 және 2017 жылы туылған екі баласын жетектеген әйел Воронеж-1 станциясында теміржолды кесіп өтпек болған. Кенеттен үш жастағы бала анасының қолынан шығып кетіп, рельстердің төсемімен жүгіре жөнелген. Оны сол сәтте жақындап қалған «Назрань - Мәскеу» жолаушылар пойызы қағып кетті. Абырой болғанда, сәби аман. Жараланған бүлдіршін ауруханаға жатқызылды»,- делінген ведомоствоның хабарламасында.