16:37, 11 Маусым 2009
«Әнді Астанамен қосылып бірге шырқайық!» - іріктеу турының қорытындысы
Астана. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Астанада қала күні мерекесіне орай өтетін «Әнді Астанамен қосылып бірге шырқайық!» атты концертте танымал әншілермен бірігіп сахнада ән айтатын түрлі мамандық иелері арасындағы іріктеу туры аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Байқауға түскен 200 адамның ішінен 16 кісі іріктеліп алынды. Олардың көпшілігі ? педагогтар мен медицина қызметкерлері. Қазылар ? Нұрлан Абдуллин мен Ренат Ғайсин. Сыннан өткен әншілер шілденің 4-і күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Батырхан Шүкеев, Нұрлан Абдуллин, Асылбек Еңсепов сынды өнер жұлдыздарымен қатар ән салатын болады.