Андре Розье: Головкин бір раундта жүзден астам соққы алатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэниэл Джейкобстың бапкері Андре Розье 18 наурыз күні Геннадий Головкинмен кездесуде қандай тәсіл қолданатындарын айтып берді, деп жазды Sports.kz.

«Дэнни - көп соққы бере алатын панчер. Ол өз қолдарына ерік береді және бір раундта жүзден астам соққы беруді жоспарлап отырмыз. Бұл айқаста соққы ғана емес, қозғалыс та болады. Барлық аспектілерді біріктіреміз. Джейкобс бұрын-соңды ешкім көрмеген жұмыстарды жасайды. Сеніңіздер, біз асқан дайындықпен келеміз, - деді Розье Thaboxingvoice тілшісіне.