Айтуынша, ол ең ауыр сынақтарға жауап беруге дайын.
«Мен әрқашан кез келген ұсынысқа ашық болып келдім, ешкімнен жасырынған емеспін», - деген оның сөзін келтіреді RingTV. - Қазір де сондаймын. Меніңше, Головкин және Чавес сынды жігіттермен жұдырықтасатын уақыт келді», - деп атап өтті ол.
«Егер маған келесі айда жекпе-жекке шығасың десе, мен оған да дайынмын», - дейді Уорд.
Еске сала кетейік, Уорд 2014 жылдың сәуір айынан бері бокстасқан емес. Себебі Goossen Tutor промоутерлік компаниясы мен боксшы арасында дау шықты. Дегенмен оның құқықтарын Roc Nation Sports сатып алды. Енді Уордтың келесі жекпе-жегі қашан және кіммен өтетіні анықталуда.