Талғат Қалиев бұл жаңалықпен өзінің Телеграмм-каналында бөлісті.
Бұдан кейін, саясаттанушының ақпаратын журналист, футбол шолушысы Петр Воликов растады.
«Андрей Аршавин жазушы ретінде өзін жаңа кәсіпте сынап көруде. Ол «Қайрат» туралы кітап жазып жатыр», - деді журналист.
Еске салайық, футболшы 2016 жылдан бері алматылық клубта ойнайды. «Наш футбол.kz» бағдарламасының жүргізушісі Петр Воликов дебюттік маусымның басында Аршавиннің Қазақстан чемпионатында 8 гол соғатынына күмәнданған еді. Андрей Аршавин бәстен жеңіп, журналистің шашын өзі тақыр етіп алып тастаған болатын.