Андрей атты жанкүйерлер Аршавиннің «Қайраттағы» соңғы ойынына тегін кіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Андрей есімді жанкүйерлер «Қайраттың» биылғы Қазақстан чемпионатындағы соңғы матчына тегін кіреді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұл - Андрей Аршавиннің алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны.

«Егер сіздің атыңыз Андрей болса - чемпионаттың соңғы «Қайрат» - «Шахтер» ойынына тегін кіре аласыз. Ол үшін жай ғана Орталық стадионның кассасына келіп жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетіп жатыр. Бір билетті қолыңызға ұстатады», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Андрей Аршавин «Қайратпен» қош айтысатын ойын 11 қараша күні Алматының Орталық стадионында өтеді.