Андрей Быстрицкий: Қазақстан - Еуразия жүрегі
11:38, 08 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты арнайы науқан бастады - танымал шетелдік сарапшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтайды.
«Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын! Қазақстан - Еуразия жүрегі!» - деп атап өтті «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының Ресейлік даму және қолдау қоры кеңесінің төрағасы Андрей Быстрицкий. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан елеулі табыстарға және маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде, өз дамуының тағы бір кезеңін артқа тастаған еліміз жаңа артықшылықтар мен міндеттерді алға қойды. ҚСЗИ шетелдік әріптестері мен серіктестеріне құттықтау-тілектер үшін алғыс білдіреді.