«Алдыңғы орындарға бұрын да Парламент Мәжілісіне ұсынылған, заңнамалық қызметте тәжірибелері бар үш партия шықты. Олардың әрқайсысы тиімді сайлау науқанын жүргізді.
Сайланған депутаттар елдің одан әрі дамуы мен заңнамалық үрдістің реттелуіне жұмыс істейтін болады. Парламентке заңмен жұмыс істеуде тәжірибесі барлар келеді деп ойлаймын, бұл келешектегі оң нәтижеден көрініс табатын болады. Әрине, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Алда атқаратын міндеттер, шешуді қажет ететін мәселелер көп. Жаңартылған Парламент жұмысқа белсене кірісетініне сенімдімін», деді сарапшы.
11:17, 21 Наурыз 2016
Андрей Чеботарев: Қазақстан Парламентіне заңмен жұмыс істеуде тәжірибесі барлар келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламентіне заңмен жұмыс істеуде тәжірибесі барлар келеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты пікір білдірген «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев осылай мәлімдеді.