Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Біз Андрей Анатольевичтің бұл қызметке қайта оралғанына шын жүректен қуаныштымыз. Оған табысты жұмыс, жарқын ойындар мен клубпен бірге жаңа зор жеңістерге жетуін тілейміз! , - деп жазылған хабарламада.
Демченко 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымы барысында команда тізгінін уақытша қолға алған еді. Ол грек маманы Акис Вавалис пен Пиралы Алиевті алмастырған. Бұрынғы бапкерлер 12 ойында бірде-бір жеңіске жете алмаған еді.
Демченконың басшылығымен «Жеңіс» 14 матчта 8 рет жеңді, 5 рет тең түсті, 1 рет ұтылды. Сонымен қатар команда Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін шықты.
Одан кейін украиналық маман Әзербайжанның «Араз-Нахчыван», Грузияның «Иберия 1999» клубтарында қызмет атқарды.
Андрей Демченко 1976 жылы Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың «Аякс», Украинаның «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос», Молдованың «Дачия» клубтарында доп тепкен.
2011 жылдан бері бапкерлік қызметінде Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина», Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) клубтарында еңбек етті.