Андрей Голубев Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италияның Перуджа қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Голубев пен украиналық Денис Молчанов екі кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-украиналық дуэт алдымен аргентиналық Ренцо Оливо – нидерландылық Марк Вервортты 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

А.Недовесов пен Д.Молчанов ширек финалда италиялықтар Маттео Гиганте – Франческо Маэстреллиді 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Олар бір сағатқа созылған матчта 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Қазақстандық-украиналық жұп финалға шығу үшін доданың үшінші ракеткалары, боливиялықтар Борис Ариас – Федерико Себальоспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Пуэрто-Рикодағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов те Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына өтті.