Андрей Голубев Швециядағы ATP турнирінің жеңімпазы атанды
18:59, 22 Қазан 2023
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандық Юки Бхамбри – ұлыбританиялық Джулиан Кэшпен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (10:8), 6:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.
Бір сағат 37 минутқа созылған матчта А.Голубев – Д.Молчанов 1 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 5 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, Александр Бубликтің Бельгиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.
А.Бублик бүгін финалда әлемнің 38-ракеткасы, франциялық Артюр Фиспен ойнайды.