Андрей Голубев Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте А.Голубев пен Д.Молчановтың мерейі үстем болды – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3).
Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.

Екі сағат 8 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық-украиналық жұп 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Андрей Голубев – Денис Молчановтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.