АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италиядағы Турин челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Натаниэль Ламмонс - аустралиялық Джон Пирспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта қарсыластарын 7:6 (7:4), 6:7 (6:8), 10:5 е есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Андрей Голубев жұптық сында биылғы маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге осы доданың жартылай финалынан аса алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады.
Сондай-ақ Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды.
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).