Қазақстандық маман Андрей Карпович «Елімайдың» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл жөнінде семейлік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Елімай» футбол клубы Андрей Владимирович Карповичпен келісім-шарт жасасқанын ресми хабарлайды.
Андрей Карпович - «Елімайдың» түлегі. Ол 1998-2000 жылдары семейлік клубтың намысын қорғап, ел чемпионы атанды.
Одан бұрын ол «Қайратта» бас бапкердің міндетін атқарушы, «Оқжетпес» пен «Қызылжарда» бас бапкер болды.
Сондай-ақ, 2022 жылы ел құрамасының Молдоваға қарсы екі ойынында бас бапкер міндетін атқарды.
Андрей Карпович футболшылық мансабында 1998-2016 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубы мен Ресейдің «Ростов», «Динамо» командаларының жейдесін киді.
Еске салсақ, ол жақында «Ақтөбе» командасының бас бапкері қызметінен кетті.
Ол 2022 жылдан бері ақтөбелік клубтың тізгінін ұстаған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.