Ресейлік сарапшының пайымынша, кезектен тыс сайлау билік партиясының нығаюына мүмкіншілік береді.
«Ішкі саясат тұрғысында ішкі тұрақтылықтың сақталуы құптала түседі. Елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізген барлық жетістіктер сақталады. Ал ол негізі бағыттарда, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық даму саласында жүргізген саясат жалғаса беретін болады», - деді Андрей Казанцев.
Оның атап өтуінше, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімі сыртқы саясат саласында сыртқы ойыншыларға Қазақстанның өзінің көпвекторлы саяси бағдарын одан ара жалғастыра беретіндігіне кепілдік береді.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу арнап, онда еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын жариялаған болатын.
«Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін», - деген еді Қ.Тоқаев.
Авторы: Медет Ахметов