Андрей Кравченко 1966 жылы 19 шілдеде Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы қазақ Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1991). Сондай-ақ ол Мәскеу бизнес мектебін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған (2011).
Еңбек өтілі: прокурор, аға прокурор, Талдықорған облыстық прокуратура бөлімінің көмекшісі (1994-1997), аға прокурор, бөлім бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент басшысы (1997-2011) қызметтерін атқарған.
ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін 2011 жылдан бері атқарып келді.